Жас келіндер арасында байқау өтті

939

0

Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі және «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық – ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Келіні жақсының керегесі алтын» атты онлайн жас келіндер байқауы өтті.


Байқау Instagram желісінде онлайн түрде @qogam.kzo және @kelinka_aidanka парақшаларында жүргізілді. Шараның мақсаты отбасындағы тәрбие, әдет-ғұрыптарды қайта жаңғырту, келіндердің нәзіктік, инабаттылық қасиеттерін байқау.


Сайыс таныстыру, сәлем салу, ас әзірлеу, өнер көрсету, тікелей эфирде сұрақ – жауап сынды 4 кезең бойынша өтті.

Байқау қатысушыларын Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі басшысы Есмаханов Алмасбек марапаттады.
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Ең көп дауыс жинаған қатысушы «Көрермендер көзайымы» номинациясымен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<