Жасампаздықтың ширек ғасыры

591

0

Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуына орай облыстық ҚХА құрылымдары және этномәдени бірлестіктің жетекшілерімен кездесті. Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихынан сыр шертетін «Жасампаз 25 жыл»  фотогалереясымен танысудан бастау алды.

Мұнан соң аймақ басшысы ҚХА-ның  этнос өкілдерін бір арнаға тоғыстырып, еліміздегі татулық пен ауызбірлікті арт­тыру мен тәуелсіздігіміздің ны­ғаю тарихындағы рөлін ай­рықша атап өтті.

– Бүгінгі басқосуымыз Ата Заңымыз – Қазақстан Рес­публикасы Конституция­сы­ның 25 жылдығы қарса­ңында өтуде. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев­тың бас­­тамасымен құрылған Қа­зақ­стан халқы Ассам­блеясына биыл 25 жыл толып отыр. Қа­тар келген қос мереке құтты болсын!

Өздеріңізге мәлім, Қазақ­стан халқы Ассамблеясы қо­ғам­дық келісім мен жалпы­ұлттық бірліктің өміршең құ­ралына айналды.

Ұлтқа ұя, жығылғанға па­на бола білген қасиетті Сыр өңірінде «бейбітшілік», «ты­ныштық», «тұрақтылық» де­ген маңызды ұғымдарды қа­лыптастыруда толымды іс­тердің атқарылғанын айта аламыз. Бұл игі істерде сіз­дердің де өзіндік үлестеріңіз бар.  Бүгінде баршамыздың басты мақсатымыз – еліміз­де қоғамдық келісім мен тұрақ­тылықты сақтап, этносаралық татулықты қамтамасыз ету, то­лымды жетістіктерімізді есе­леп, әлеуметтің әлеуетін кө­теру. Осы міндеттерді орын­дауда облыстық ҚХА қыз­метін жаңа деңгейге кө­теріп, Қазақстан халқы Ас­самблеясының рөлі мен мәр­тебесін арттыруда, өңірдегі дос­тық пен бейбітшілікті ны­ғайтуда бірлесіп жү­йелі жұмыс атқаратын бола­мыз, –  деді облыс әкімі Г.Әбдіқалықова.

Шара барысында бірлестік жетекшілері өңірдегі ҚХА-ның қызметін жандандыру және оның рөлі мен маңызын арттыру бағытындағы ұсы­ныстарын ортаға салды. Мә­селен, «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы» облыстық қоғамдық бірлестігінің төр­айымы Галина Щербакова бей­бітшілік пен келісім ме­кеніне айналған Сыр өңірі жайлы айта келе, Белкөл кенті мен Рысқұлов көшесінде ор­на­ласқан бейіттердің айна­ласына жөндеу жұмыстарын жүргізу, жоғары және орта оқу орындарында орыс тілінен дәріс алатын топтар ашуға ұсыныс білдірді. «Қазақстан корейлер қауымдастығы» об­лыстық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Елена Ким Корей этномәдени бірлестігінің 30 жылдығына байланысты ән­ші Виктор Цойға арнап ес­керткіш орнатуды, сондай-ақ, Қызылорда политехникалық колледжінде ұзақ жыл қызмет атқарған Алексей Цойға  ар­нап музей ашуға ұсыныс жа­сады. Ал, облыстық өзбек эт­номәдени бірлестігінің төр­ағасы Қахар Дадашев өңір­дегі кәсіпкерлік саласы, қа­йы­рымдылық бағытындағы Ас­сам­блеяның рөлі туралы ой­ларымен бөлісті. Сондай-ақ, облыстық татар этномәдени бірлестігінің төрайымы Галия Гизатуллина этномәдени бір­лестіктердің ұлттық ме­ре­келері туралы ойын ор­таға салса, облыстық ҚХА жа­нындағы Аналар кеңе­сінің төр­айымы Нұрсауле Му­сае­ва отбасы және ұлттық тәрбие құндылықтарын насихат­тау­дағы Аналар кеңесінің рөлі туралы сөз етті.

Ұсыныс пікірлерді тың­даған облыс әкімі көтерілген мәселелердің шешім та­буына ықпал ететіндігін жеткіз­ді. Сонымен бірге, жасампаз­дық­қа, ізгілікке толы 25 жыл ішін­де қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтауға қос­қан елеулі үлестері үшін об­лыстық этномәдени бірлестік пен құрылым жетекшілеріне «Қазақстан халқы Ассам­блея­сына – 25 жыл» мерекелік медалін табыстады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<