Жастар – қоғамның қозғаушы күші

438

0

Бүгінде еліміздің экономикалық әлеуетінің барынша артып, халық тұрмысының күн санап жақсарып келе жатқаны баршаға аян.

Мемлекет тарапынан жастарға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді.

Елбасымыз Қасымжомарт Тоқаевтың биылғы халыққа арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы осы қарқынды одан әрі шыңдай түспек.

  Жолдауда әлеуметтік көмек, білім саласына да ерекше көңіл бөлді. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білімді теңестіруге, жоғарғы білімнің сапасын арттыруға, «Диплом­мен – ауылға» бағдарламасының әрі қарай жалғаса беретіндігін және де алдағы 4 жылда ұстаздар жалақысын 2 есеге арттыру туралы тапсырмалары білім қыз­меткерлерінің көңілінен шықты.

 Елбасы Жолдаулары аясында мақсатталған басымдықтардың бірі жастар саясатына қолдау көрсету мақсатында елімізде көптеген бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Ауылдық елді мекендердегі білікті маман тапшылығының орнын толтырудың бірден-бір жолы – «Дипломмен –ауылға» бағдарламасын жаңғырту.

Айта кетсек, «Дипломмен -ауылға» бағдарламасы осыдан он жыл бұрын қолға алынған болатын.

 Бағдарламаның мақсаты – жұмыссыз жүрген мамандарды елді мекендерге жұмысқа орналастырып, ауылдың жағдайын көтеру болатын.

  Қолына дипломын алған жас маманның кез келген еңбек жолын қаладан бастағысы келеді. Бірақ, бәріне бірдей жұмыс табыла бермесі анық. Осы жағдайға байланысты Ауыл шаруашылығы министрінің қолдауымен «Дипломмен ауылға» жобасы қолға алынған болатын. Бағдарлама бойынша денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға бір реттік көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие беріледі.

Жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы маман ауылдық елдімекенге жұмысқа орналасқан жағдайда «Дипломмен ауылға» жобасы аясында тек қана 70 айлық есептік көрсеткішке тең сомада біржолғы көтерме жәрдемақы және қажеттілігіне қарай тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін 1500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада 15 жылға дейінгі мерзiмге жылдық 0,01 % мөлшерiндегі сыйақы мөлшерлемесімен бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.Жас маманға артылатын міндет – ауылдың өркендеуіне үлес қосу және сапалы қызмет жасау.

 Тоқаев қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасы алшақтап бара жатқанын атап өтті. Оған себеп – ауылдық жерлерде білікті педагог кадрлардың тапшылығы.

«Сондықтан «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажет. Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырамын».

 «Мен тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысын екі есе арттыруды тапсырдым. Бұл келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 процентке өседі деген сөз», – деді Елбасы Қазақстан халқына арнаған жолдауында.

Дипломын енді ғана қолға алған, еңбек өтілін қалыптастырып, тәжірибе жинап үлгермеген аймақтағы жас мамандар үшін айтарлықтай қолдау болары сөзсіз.

Сонымен бірге аз қамтылған отбасылардың балаларына қамқорлық көрсету.

Елбасы тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға көмек беру мәселесін қозғады. Ондай балалар үшін кепілдендірілген мемлекеттік көмек енгізілуі керек.

Бұл дегеніміз – мектеп жасына дейінгі балаларға үнемі қолдау, көрсету, барлық оқушыға тегін тамақ беру, оларды оқу құралдарымен және мектеп формасымен қамтамасыз ету, медициналық, соның ішінде стоматологиялық көмек алу және қоғамдық көліктерде жүру шығындарын өтеу.

Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 250-45/2 шешімімен бекітілген әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларына сәйкесАпәлеуметтік жағынан аз қамтылған көпбалалы отбасылардан шыққан жалпы білім беретін оқу орындарының оқушыларына (отбасыларына бюджетте қаралған қаржы көлемінде) қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүруге – 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

 Жолдаудан серпін алып, жұмыс қатарын одан әрі жетілдіре түсу біздің басты міндетімізге айналмақ.

Н.Арзықулова,

облыстық әділет департаментінің бас маманы, 

Заңгерлер одағының мүшесі  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<