Жемқорлықпен күрес – өзекті мәселе

1076

0

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп өркендеп, небір тегеурінді қарсыластарға төтеп беріп қайда мол қаражат пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері 17 жылдың ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралармен көкей тесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің азаюы байқалады.

Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін ең қауіпті түрі – парақорлық.  Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни, пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Парақорлық мемлекеттік аппаратың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді. Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен қарсы стратегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. Алсыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызмет болып табылады.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекет пен қоғамның тығыз серіктестігі ғана сыбайлас жемқорлыққа табысты қарсы тұруға мүмкіндік береді және оған мүлдем төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына,  адалдық пен сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс.

Азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитет, оған деген жұртшылықтың мінеуі болмай, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Оны әрбір қазақстандық, әрбір отбасы бүкіл қоғамның ісі екенін түсіну керек. Бала кезінен тұлғаны қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды болмақ.

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттік бәсекеге қабілеттілігін едәуір  төмендететіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы адамдардың заң мен әділдікке деген сеніміне, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні белгілі.

Осындай қоғамда аса қатерлі кеселдің алдын алып, жолын кесу бағытында қолдан келгенше тосқауыл болып, еліміздің экономикасының дамуы жолында аянбай еңбек етуіміз қажет. Бұл еліміздің барша азаматтарының басты міндеті болуы тиіс.

Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, әлемге танылғанымызға отыз жылдан астам  уақыт өтті. Ел Президентіміз Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кедергілерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – алға қойылған мақсат сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Ел Президентінің биылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан халқына жолдауының» бесінші бағдарында, бюджет қаражатын және жалпыұлттық байлықты талан-таражға салатын жемқорлық әрекеттер мен оның астыртын жолдарын ұйымдастырушыларды іздеуге, түпкі амал-тәсілдерін анықтауға барынша күш салудың өте маңыздылығы айтылды.

Биылғы жылы өткізілген «Жалпыұлттық референдумда» саяси жаңғыру бағдарын қолдап, Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам жасалды.

Жемқорлықпен күрес барлық Қазақстан азаматтарының азаматтық борышы.

Сондықтан, ел болашағы үшін баршамыз сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттерге жол бермейік.

Айбек Жолақанов,

облыстық орман шаруашылығы

 және жануарлар дүниесі

аумақтық инспекциясының бөлім басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<