Жол апатынан 2 адам көз жұмды

488

0


Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Семей» тасжолында екі көлік соқтығысып, 2 адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы кеше сағат 18.00 шамасында болған. «Өскемен-Семей» тасжолының 127-шақырымында Lada және Chevrolet көліктері соқтығысты.

«Жол апатының салдарынан 36 жастағы Chevrolet жүргізушісі мен 45 жастағы Lada көлігінің жолаушысы дәрігерлер келіп жеткенше сол жерде көз жұмды.

Қазіргі уақытта департаменттің тергеу-жедел тобы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», – деп хабарлады ведомство өкілдері. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабына сәйкес (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ⠀


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<