Жосалы кентінде дезинфекция жұмыстары жүргізілді

425

0

Аудан орталығы Жосалы кентінде коронавирус індетінің алдын алу мен санитарлық – эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында дезинфекция жұмымтары жасалды.

Дезинфекция жұмыстары балалар ойын алаңдарында, саябақтарда, сонымен бірге 12-аялдамаға, жалпы 25 эпидемиологиялық маңызды нысандарда жүргізілді.

Сондай-ақ азаматтардың шоғырлануын болдырмау мақсатында банкоматтар мен пошта бөлімшелері ғимараттарында арақашықтығы 2 метр сақталатын арнайы белгілер сызылып, тиісті шаралар қабылданды.

Жалпы, аудандағы ахуал тұрақты, карантиндік режим талаптары бақылауда.

Аудан тұрғындарына коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу шараларын назарға алу мақсатында сақтық шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіп келеді.

Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<