Жыр байқауының жүйріктері

2625

0

Қара өлеңнің қара нары Мұқағали Мақатаевтың туғанына 93 жыл толуына орай Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледж ұстазы Ғабит Кәдірбайдың ұйымдастыруымен «Армысыңдар, адамдар!» атты жас ақындар мүшәйрасы мен автор өлеңін жатқа мәнерлеп оқу бойынша байқау өтті.

Мүшәйраға қаладағы колледж студенттері қатысып, ақынға арнауы мен еркін тақырыптағы өлеңдерін оқыды. Жыр бәйгесіне Текей батыр Қарпықұлы атындағы колледж ұстазы Шаттық Айтбай, «Ұстаз мәртебесі» газетінің тілшісі Бексұлтан Санақұл, облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Дина Бөкебай қазылық етті.

Қолына қалам ұстаған өлеңқұмар студенттердің арасынан  оза шапқан М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенті Нұркелді Өтепберген бірінші орынға лайық деп танылды. Келесі жүлделі орындарды Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінің студенті Ақниет Ордабаев және И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық- техникалық жоғары колледжінің студенті Тұрсынбай Құдайберген иемденді. Ал ақын өлеңін жатқа мәнерлеп оқу сайысы бойынша І орынды дикциясы мен актерлық шеберлігі табысқан Қазанғап атындағы Қызылорда жоғары колледжі студенті Берікбол Төремұратов, ІІ орынды «Болашақ» жоғары колледжінің атынан қатысқан Алтынкүл Төлеген алды. Ал  үздік үштікті «Сейхун» колледжінің студенті Арубай Мейрамбек қорытындылады.

Жыр мүшәйрасы мен мәнерлеп оқу сайысының жеңімпаздары Алғыс хаттармен, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<