Жыраулар фестивалі өтті

1058

0


Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдаумен, К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен Сыр сүлейі, есімі алты Алашқа мәлім Тұрмағамбет Ізтілеуұлының туғанына 140 жыл толуына арналған «ЖАСЫМНАН НАЗЫМ СӨЗГЕ ШЕБЕР ЕДІМ..» атты республикалық жыршы- жыраулар фестивалі өтті. Халық ықыласына бөленген жыршы- жыраулар Қармақшы елінің аспанын жырмен әуелетті.
Жыр фестиваліне Бидас Үрістембеков бастаған жыршы- жыраулар Алматы қаласынан Ұлжан Байбосынова, Руслан Ахметов, Ақерке Өтепбергенова, Шолпан Бимбетова, Майра Сәрсенбаева, Серік Жақсығұлов, Әділхан Қуаңбаев, Шымкент қаласынан Ғазиза Шаймаханова, Әлішер Мырзағалиевтер қатысып, аудан әкімі Ерсұлтанов Әділбек Бөрібайұлының арнайы алғыс хатымен марапатталды.
Айта кету керек, Қызылорда қаласындағы Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында 25 қазан – Республика күніне арналған «Егемен ел – қазыналы Қазақстан» атты мерекелік салтанатты кеште Қармақшы ауданы атынан К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің үйірме шәкірттері арнайы шақыртылып, Тұрмағамбет Ізтілеуұлының «Тәлім» шығармасын Жиенбай жыраудың нақпа – нақ мақамымен нақышына келтіре орындап, көрермендердің зор қошеметіне бөленді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<