Зияткерлік меншік қорғалуы тиіс

475

0

Қазақстанда зияткерлік меншік жүйесінің қалыптасып, орнығуы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің нығаюымен қатар жүрді.

Жалпы, «Зияткерлік меншік» термині Қазақстан Республикасының заңына 90-жылдардың басында кірді. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бастап, дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, сол арқылы халықаралық қатынастарда өзіне сәйкес құқықтар мен міндеттерді қабылдап отыр.  Қазіргі уақытта зияткерлік меншіктің рөлі мен маңызы қарқынды өсуде.

Зияткерлік меншік – зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижесі және оған теңестірілген заңды тұлғаларды, жеке және заңды тұлғалардың өнімдерін, олармен орындалатын жұмыстар мен қызметтерді (фирмалық атаулар, тауарлық белгі, қызмет көрсету белгісі және т.б.) дараландыру құралдары. Зияткерлік меншіктің объектісі авторлық құқық пен өнеркәсіптік меншік болып табылады.   

Зияткерлік меншіктің басты сипаттамасы меншікті пайдаланудың жеке құқықтарын тек зияткерлік меншіктің иесі, яғни автор ғана шамалай алуында, сонымен қатар, оның рұқсатынсыз зияткерлік меншікті ешқандай бөгде адам пайдалана алмауында.

Азаматтардың зияткерлік меншік обьектісі Конституция бойынша сақталады, заң жүзінде қорғалады. Біздің елімізде Қазақстан азаматтарымен қатар шетел азаматтарының да зияткерлік меншік құқығы заң алдында тең қорғалады.

Азаматтардың зияткерлік меншігін қорғау арқылы мемлекет олардың шығармашылық өрісінің дамуын, сол арқылы ел экономикасының дамуына қолайлы жағдай жасайды. Зияткерлік меншіктің қорғанысы әлемде елдің ахуалын анықтайтын маңызды факторларының бірі болып есептеледі. Әрбір кәсіпкер, өз жұмысында зияткерлік меншік обьектілерін қолданып, табыс табу мақсатында лицензиясыз өнімдерді пайдалану немесе меншік иесінің рұқсатынсыз жұмыс жасау заң алдында жауапкершілікке тартылатындығын білуі қажет.

Заман ілгерілеген сайын, қоғамда түрлі жағдайлар орын алуда. Контрафактілік әрекеттер біріншіден, ел экономикасының дамуына кедергі жасаса, екіншіден дүниежүзілік аренада ел атауына өз зиянын тигізуде. Әсіресе, тауар белгілері арқылы халықты алдау кеңінен таралған. Осы ретте, Әділет органдары бөтеннің тауар белгісін рұқсатсыз пайдалану жауапкершікке әкеліп соғатынын ұдайы насихаттап келеді.

Шахар БЕГЕЖАНОВА,

облыстық әділет департаментінің бөлім басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<