Зияткерлік симфония: лингвистикалық саяхаттар аптаcы

1213

0

Фото: Назарбаев зияткерлік мектебі

Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде физика, информатика және орыс тілі пәндерінің апталығы басталды.

Ұйымдастырушылар оқушыларға арнап әртүрлі іс-шаралар дайындады. Атап айтқанда, 10-ші сыныптар арасында әдеби квест, 8-сынып білім алушылары үшін «Physical еxpress» командалық ойыны, 11-сынып оқушыларына арналған «Geek Battle» зияткерік ойыны, 9-сыныптар арасында «TECH Vibe» сайысы және физика, информатика, орыс тілі пәндеріне қызығушылықты арттыратын басқа да танымдық іс-шаралар өткізіледі.

Пәндік апталық физикалық құбылыстар қойылымымен қорытындыланады. Дарынды өрендер қоршаған ортада орын алатын өзгерістерді зерттеп, ғылыми ізденушілік қабілеттерін арттырады және алған білімдерін алдағы өмірде қолдануға дағдыланады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<