Атаулы әлеуметтік көмек туралы

1565

0

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» қызметі барлық азаматтарға тегін түрде көрсетіледі.

Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтінішті тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту орталықтарына, кент, ауылдық округ әкімдіктеріне немесе «Электронды үкімет порталы» арқылы беруге болады.

Өтініш тапсыру барысында өтініш берушінің жеке куәлігі ғана жеткілікті. Қажетті мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады, оның ішінде табыс туралы анықтамалар аударылған міндетті зейнетақы жарналары арқылы расталады. Дегенмен, өңірімізде «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес жалақыға қоса төленетін экологиялық үстемелер ақпараттық жүйеде көрінбегендіктен Халықты жұмыспен қамту орталығы мамандарымен өтініш берушінің немесе жұмыс істейтін отбасы мүшелерінің айлық табысы туралы қосымша анықтама сұратуға құқылы.

Осыған орай, гранттар алуға, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басқа да белсенді шараларына қатысуға қатысты (жастар тәжірибесі, қоғамдық жұмыстар және т.б.), атаулы әлеуметтік көмек алу мәселелер бойынша тікелей Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгініп, бұл мәселелерге делдал болғысы келетін кездейсоқ адамдарға сенбеуді сұраймыз.

Жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлерінің, сондай-ақ делдалдардың заңсыз әрекеттері анықталған жағдайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «1424» Call-орталығына осы фактілер туралы хабарлауыңызды сұраймыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<