Экологиялық акция аясында тал егу жұмыстары жүргізілді

222

0

Фото: Сырдария ауданы әкімдігі

Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Іңкәрдария және Ақжарма елді мекендерінде тал егіліп, жаппай тазалық жұмыстары жүргізілді.

Тал егу акциясына мекеме қызметкерлері, білім беру мекемелерінің өкілдері мен ауыл тұрғындары белсенді түрде атсалысты. Олар елді мекен аумағын, саябақтар мен көшелерді, тазартып, тал егу жұмыстарын жүргізді.

Елді мекеннің тазалығы мен әсем табиғаты ауыл тұрғындарының жанашырлығына байланысты. Сондықтан, барша сырдариялықтарды акцияға белсене атсалысуға шақырамыз.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<