Бүгін аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте Қызылорда облысының білім басқармасының ағымдағы жылдың 03 ақпанындағы №14 бұйрығына сәйкес аудандық білім бөлімінің басшысы болып тағайындалған Дауренбек Насибеков таныстырылды.
Аудан әкімі Дауренбек Ердібекұлының жаңа қызметіне сәттілік тілеп, бірқатар маңызды міндет жүктеді.
«Осы салада біршама жетістіктеріңіз бар, қызметтегі тәжірибелеріңізді алдағы уақытта да сапалы жалғастырып, ұлт болашағын қалыптастыратын жауапты да, жауапкершілігі мол білім саласына үлкен өзгерістер әкеледі деген сенім артамыз», – деді аудан әкімі.
Насибеков Дауренбек Ердібекұлы 17.12.1977 жылы 17 желтоқсанда Шиелі ауданы, Қоғалы ауылдық округінде дүниеге келген.
Еңбек жолын 1998 жылдан бастап Қоғалы ауылдық округіндегі №228 орта мектепке мұғалім болып қабылданып, 2006-2013 жылдары директордың орынбасары қызметін атқарған. 2013-2018 жылдары Қоғалы ауылдық округінің әкімі, 2018-2019 жылдары Шиелі аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары, 2019-2020 жылдары Шиелі аудан әкімінің көмекшісі;
2020 жылдан осы кезге дейін білім саласында қызмет атқарып келеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<