Мәжіліс отырысында жаңа әкімдер таныстырылды

5

0

Фото: Шиелі ауданы әкімдігі

Аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен өткен мәжілісте бірқатар кадрлық өзгерістер таныстырылды.

2026 жылғы 3 мамырда ҚР «Сайлау туралы» заңы негізінде өткен сайлау қорытындысымен Ақтоған ауылдық округінің әкімі болып Ахметов Ержанбек Сүйіндікұлы, ал Қоғалы ауылдық округінің әкімі болып Махамбетов Рамазан Ерімұлы сайланды.

Ержанбек Сүйіндікұлы – 1973 жылы Шиелі кентінде дүниеге келген. Заң саласы бойынша жоғары білім алған, еңбек жолын 1995 жылы Шиелі ауданындағы №11 кәсіптік техникалық училищеде мұғалім болып бастаған. 1996-1997 жылдары Шымкент қаласындағы «Землестрой» мекемесінде шебер;1997-2003 жылдары Қызылорда қаласындағы «Транзит» ЖШС эксперт, Қызылорда облыстық «жол қауіпсіздігі» қорының Шиелі ауданындағы уәкілі; 2003-2007 жылдары Гигант ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, аудан әкімі аппаратының бас маманы; 2008-2009 жылдары Алматы қаласындағы «Кедентрансервис» АҚ шаруашылық техникалық бөлімінің маманы; 2009-2010 жылдары Шиелі кенті әкімінің көмекшісі; 2010-2017 жылдар аралығында Жуантөбе және Гигант ауылдық округтерінің әкімі; 2017-2018 жылдары Шиелі аудандық пошта байланыс торабының бастығы; 2018 жылдың 18 маусымынан бастап, бүгінгі күнге дейін Ақтоған ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.

Отбасылы.

Рамазан Ерімұлы – 1973 жылы Қоғалы ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. 1995-1996 жылдары Тартоғай ауылдық ауруханасында дәрігер стоматолог болып еңбек жолын бастаған;

1996-1999 жылдары Алматы облысы, Сарыөзек кентінде 12740 әскери бөлімінде дәрігер стоматолог; 2000-2003 жылдары Шиелі кентіндегі «Әдемі» тіс емдеу орталығында стоматолог; 2003-2006 жылдары Жамбыл облысындағы 42062 әскери бөлімінде медицина қызметінің бастығы; 2006-2012 жылдары Тараз қаласындағы 85395 әскери бөлімінде медицина қызметінің бастығы; 2012-2013 жылдары Жамбыл облысы, Отар станциясындағы

63302 әскери бөлімінде жасақ бастығының медицина бойынша орынбасары – медицина қызметінің бастығы; 2013-2017 жылдары Аягөз қаласындағы Әскери госпиталь бастығы;

2017-2020 жылдары Тараз қаласындағы Оңтүстік ӨҚ ӘҚ басқармасы МТҚ орталығы медицина қызметінің бастығы қызметтерін атқарған. 2022 жылдан бастап, осы кезге дейін 66597 әсери бөлімінде дәрігер қызметін атқарды.

Отбасылы.

Аудан басшысы жаңадан сайланған ауыл әкімдерін құттықтап, ел игілігі жолында табысты қызмет атқаруға тілектестік білдірді.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі