Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

141

0

Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашанда егеменді ел бола алмайды, болуы мүмкін емес. Қазақ тілінің тағдыры үшін күрес соңғы жүз жылда бірде-бір толас тапқан жоқ. Ұлы Абайдың заманын айтпағанда, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар бастаған алып топ тіл мәселесіне ерекше мән беріп, оның шексіз байлығын, суреткерлік қуатын, бейнелігімен саздылығын көркемдік сапаға жеткізді. Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді білу – мемлекеттік қызметкерлердің ең басты біліктілік талабына айнала бастады.

Қазақ тілінің мемлекеттік тілі ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі-оның қоғамдық өмірдің әр саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы, алдымен қазақ тілінде жазылмай, барлық құрылымдағы іс қағаздары қазақ тілінде жүргізілмей, қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет қарымы өрісін кеңейте алмайды.

«Тіл туралы» Заңның 4-бабында: «Қазақстан халықтың топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» деп жазылған. Үкімет, өзге де мемлекеттік жергілікті, өкілді және атқарушы органдар Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға міндетті» – делінген.

Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұтып, басқа ұлттарға насихаттау керек. Өйткені, халықтың даналығы, жырлары, шежірелері сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болмасын қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына Ана сүтімен дарып, қалыптасады. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза, ең бай тілге жатады. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. «Ана тілі – халық болып жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі».

Қазіргі ең таза ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған бір тіл болса, ол қазақ тілі. Бүгінгі күні Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген азамат оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды.

Қазақ еліміздің болашағы – қазақ тілінде деп, мемлекетіміздің келешегі жайлы терең ойлап, мәртебесін көкке көтеруге ұмтылуымыз қажет.

А.Ж.Таңсықбаева,

Қызылорда қалалық сотының бас маман сот отырысының хатшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<