Конституция

«Қайсардың» Павлодардағы жеңісі

2

0

Қызылордалық «Қайсар» ел біріншілігінде сәттілік сериясын жалғастырып келеді. Жерлестеріміз соңғы алты турда үш мәрте жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті.

Өткен жексенбіде қызылор­да­лық футболшылар Павлодарда жергілікті «Ертіспен» шеберлік байқасты. Алаң иелері осал қар­сылас емес. Әзірге жоғары орын­­дардан көріне алмай жүрге­німен, кез-келген қарсыласына оңай ұпай бере салмайды. Сон­дық­тан «Қайсар» үшін бұл кездесудің оңайға соқпайтыны анық еді.

Алғашқы минуттан қос қарсылас бір-бірінің қақпасы маңынан жиі бой көрсетті. Жылдам гол соғу мүмкіндігін көздеген олар діттеген мақсатына жете алмай жатты. Десе де ойынның 15-минутында «Ертіс» сапынан Жан Морел По Нұрымжан Салайдин қорғаған қақпадан саңы­лау тауып, өз командасын алға шы­ғарды. Бұдан кейін қызыл­ордалық футболшылар белсен­ділігін арт­тыра түсті. «Қайсардың» жартылай қорғаушысы Никола Цуцкич 44-минутта айып добын шебер орындап, қақпа торын бүлк еткізді.

Екінші кезеңде қос команданың есепті өзгертетін бірнеше мүм­кіндігі болған еді. Нәтижесінде 65-минутта «Қайсар» қорғаушысы Стефан Букорац әуелете берілген допты баспен қақпаға енгізді. Осы­лайша жерлестеріміз сырт алаңда қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, маңызды үш ұпайға қол жеткізді.

Бірінші айналымнан кейін 17 ұпай жинаған қызылордалық клуб турнир кестесінде 11-орынға кө­терілді. Енді олар екінші айна­лым­ның алғашқы ойынын 5 шілдеде өз алаңын­да «Ертіске» қарсы өткізеді.

Әділжан ҮМБЕТ,

«Сыр бойы»