Қазақстан шекарасы арқылы өтетін жүк көліктерінен қанша төлем алынады

400

0

Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті «ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ оларды электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы мөлшерлерін айқындау туралы» бұйрығын ашық талқыға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатқа сай, еліміздің шекарасы арқылы өтетін жүк көліктерінен енді төлем алынады.

«ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы жүк автомобильдерін, оның ішінде тіркемелері бар жүк көліктерін және ершікті тартқыштарды өткізу үшін 3 АЕК (10 350 теңге) мөлшерінде ақы белгілеу ұсынылады», – деп жазылған көпшілік талқылауға шығарылған құжатта.

Белгілі болғандай, аталған бұйрық 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Құжат 25 сәуірге дейін ашық талқыда болады.

Айта кетсек, бұған дейін Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенат депутатының сауалына жолдаған жауабында Қазақстан-Ресей шекарасындағы 27 өткізу пунктінің аумағы кеңейетінін мәлімдеп еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<