Конституция

Қос қаламгер – шығармашылық одақ мүшесі

5

0

Жақында аталып өткен БАҚ қызметкерлерінің төл мерекесіне орай әріптестеріміз түрлі деңгейдегі марапат, оқырман тарапынан лайық­ты баға алғаны көңілге қуаныш ұялатқан еді.

Қаламдастар үшін тағы бір жағымды жаңалық, Сыр журналистикасында жар­ты ғасырға жуық қызмет еткен белгілі ақын, қарт қаламгер Мұхамеджан Нұрханов және өңірдің журналистика саласында өзіндік қолтаңбасы бар, «Сыр медиа» ЖШС арда­герлер кеңе­сінің төрағасы Кенжәлі Ерімбет Қа­зақстан Жазушылар одағының мүшесі атанды. Қалам иелерінің куәлігін ҚЖО облыс­тағы өкілі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қаршыға Есім­сейітова табыстады.

«Сыр медиа» ЖШС мекемесі қыз­мет­керлерінің жиыны жалғасын тауып, онда осы мекемеде әкімшілік бөлімінің бас­шысы, кәсіподақ ұйымының төр­айымы болып көп жыл қызмет атқарған, кешегі мерекеде Қызылорда облысының Құрмет грамотасын иеленген Балкүл Тәңірбер­генованы ұжым­дастары зейнет демалысына шығарып салды. Жиынға мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қыз­меткерлері облыстық кәсіп­одақ ұйы­мының  төрайымы Раушан Үм­бет­ова қатысып, Б.Тәңір­бергенованы мере­келік төсбелгімен марапаттады.

«СБ» ақпарат