Қызылордада жарық бағасы төмендеді

1962

0

«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ 2020 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасының орындалуына талдау жүргізді. Нәтижесінде «Табиғи монополиялар туралы» Заңның бекітілген тарифтік сметаны орындау талабы сақталмағаны анықталды. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті хабарлады.


Қайта қаржыландыру ставкасын қоса есептегенде «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ электр энергиясын беру қызметі бойынша негізсіз алынған табыс сомасы 82 709 745 теңге болды.

Облыстық департамент «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның электр энергиясын беру қызметіне 1 кВт/сағат ҚҚС-сыз енгізілу және қолданылу мерзімі 2021 жылдың 1 тамызынан 2021 жылдың 31 желтоқсаны аралығына 4,893 теңге мөлшерінде немесе қолданыстағы тарифтермен 4,976 теңге салыстырғанда 1,7 пайызға және 2022 жылдың 1 қаңтарынан 2022 жылдың 31 шілдесі аралығына 4,810 теңге мөлшерінде немесе қолданыстағы тарифтермен 4,893 теңге салыстырғанда 1,7 пайызға төмендетіп, уақытша өтемдік тарифтерді бекітті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<