Теңіз текті тұлға

284

0

Сурет ашық дереккөзден

атты жазушы-журналистер арасында шығармашылық байқау өтеді

Ережесі

КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдық мерейтойына орай «ТЕҢІЗ ТЕКТІ ТҰЛҒА» атты жазушы-журналистер арасында шығармашылық байқау өтеді.

Байқау қаламгерлердің шабытын шыңдау мақсатында Арал аудандық әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

1. Байқаудың мақсаты:

– Ұлт тарихын түгендеп, елдік және ерлік дәстүрді қаламына арқау еткен жазушының ғибратты ғұмырын, шығармашылығын насихаттау;

– Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің бекзада болмысын, өнегелі өмір жолы мен даналығын жастарға үлгі ету;

– Әлем таныған Әбе туралы естеліктер мен ойлы оқиғаларды, мазмұнды материалдарды жинақтау;

– Жазушы-журналистер арасындағы шығармашылық байланысты арттыру.

2. Байқаудың шарттары:

– Байқауға еліміздегі барлық БАҚ журналистері мен жазушылар қатыса алады;

– Әртүрлі жанрдағы шығарма ұсынуға болады. Материал бағытын қаламгер өзі таңдайды;

– Байқауға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды;

– Қаламгер бір шығарма ғана ұсына алады;

– Материалдың көлемі 7-10 бет. Шығарма 10 беттен асып кетпеуі тиіс;

– Шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында 14 кегльмен, 1,5 интервалмен, Times New Roman қарпімен ғана қабылданады;

– Байқауға бұған дейін ешбір газетте, журналда, кітапта, электронды ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланбаған, басқа байқауларға жіберілмеген жаңа шығарма ұсынылады;

– Қатысушы өзінің толық аты-жөнін, мекенжайын, қысқаша өмірбаянын, телефон нөмірін, сапалы суреті мен шығармасын tolkyn_gazeta@mail.ru электронды поштасына немесе 8-705 824 74 32 WhatsApp нөміріне #Байқауға хэштегімен жазып жібереді.

3. Байқаудың мерзімі:

– Шығармаларды қабылдау 2024 жылы 15 қазан күні тоқтатылады;

– Қабылданған шығармалардың ішінен іріктеліп шыққан жеңімпаздар Арал қаласына қорытынды кешке шақырылады. (Өтетін орны мен уақыты қосымша хабарланады);

– Іріктелген шығармалар ішіндегі ең үздіктері тәуелсіз қазылар шешімімен анықталады;

– Үздік деп танылған шығармалар БАҚ-та жарияланады.

4. Байқаудың қазылар алқасы:

– Қазылар алқасы қазақ прозасында өзіндік орны бар қаламгерлерден құралады;

– Олар байқауға түскен шығармаларды саралап, ең үздіктерін анықтайды;

– Анықталған шығармалардың жеңген орнын көрсетіп, ұйымдастырушыларға ұсынады;

– Ұйымдастырушылар бәйге жүлделерін үйлестіреді.

5. Байқау бәйгесі:

– Бас жүлде – 300 мың теңге;

– Бірінші орын – 200 мың теңге;

– Екінші орын – 150 мың теңге;

– Үшінші орын – 100 мың теңге;

– Ынталандыру – 10 адамға 20 мың теңгеден беріледі.

Байқауға түскен шығармалардың сапасына қарай қазылар алқасының ұсынысымен және ұйымдастырушылардың мақұлдауымен бәйгелер саны өзгеруі мүмкін.

6. Байқау жеңімпаздарын марапаттау Арал қаласында өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<