Құрылыс қарқыны

124

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала аумағындағы құрылыс нысандарын аралап, алдымен «Көрме залы» орталығының құрылыс алаңына барды.

Одан кейін нан, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіретін кешендегі жұмыспен танысты. Бұл жобаға мемлекеттік қолдау ретінде 5 гектар жер беріліп, су және кәріз жүйелерін жеткізуге қаржы қарас­тырылған. Жобаның І кезеңі биыл іске қосылады. Қазіргі таңда жұмыстың 80 пайызы орындалған. Нысанда 30-дан астам жұмысшы еңбек етуде, 10-нан астам техника бар.

Сол жағалаудағы жаңа ста­дионның шығыс және батыс трибу­наларының металл конструкциялары орнатылып, қабырғалары мен ішкі бөліктері, сыртқы витраждары қалануда. Жылу, су, электр, желдету желілері тартылуда. Қазіргі кезде футбол алаңын жабдықтау және аумақты абаттандыру жұмыстары қолға алынған.

Физика-математика мектеп-интернатында ішкі әрлеу жұ­мыстары аяқталуға жақын. Нысанда техникалық жабдықтау мен ау­мақты абаттандыру қатар жүргізілуде. Құрылыс басында 150 жұмысшы мен 20 техника бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<