Сол жағалауда «Қан орталығы» ашылады

1232

0

Сырдың сол жағалауында тағы бір әлеуметтік нысан бой көтермек. Құны 2,7 млрд.теңгені құрайтын «Қан орталығының» бүгін іргетасы қаланды. Орталық ашылғаннан кейін облыста қан мен оның компоненттерін донациялау көрсеткіші 500-ден 10 мыңға дейін артпақ.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев ел ағаларымен бірге нысан құрылысының алғашқы кірпіш қалау рәсіміне қатысты.

– Мемлекет әрдайым ұлт саулығын көтеру, адам өмірін сақтауға жеткілікті деңгейде мән беріп келеді. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Ұлт саулығы – Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолындағы мемлекеттік саясатымыздың аса маңызды бағыты» деп айрықша атап өтті. Барлық қажетті құралдармен жабдықталған «Қан орталығы» өңір халқына сапалы қызмет көрсетіп, тұрғындардың денсаулығын арттыруға мүмкіндік бермек, – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<