Тазалық – өркениет айнасы

4

0

Фото: Облыс әкімдігі

Өңірде 12 мың түп көшет егілді

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев экобелсенділермен бірге елорданың «Самал» саябағында ағаш отырғызды.

Президентке жауапты мемле­кеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайын баяндады.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «Таза Қазақстан» акциясы басталған екі жыл ішінде 1,5 мың экологиялық іс-шара ұйымдастырылғанын жеткізді. Осы уақыт аралығында 2 миллион тонна қоқыс жиналып, 5,5 миллионға жуық көшет егілген. Жыл сайын бұл бастамаға 6,5 миллион адам, соның ішінде 780 мың волонтер қатысады.

Министрдің айтуынша, 2021-2025 жылдары орман қорын толық­тыру үшін 1 миллион гектардан аса жер­ге 1648,4 миллион түп көшет отыр­­ғызылған. Елді мекендерде бес жыл ішінде 18,4 миллион көшет егіл­ді. Ал­дағы уақытта 1760 мың гектар жер­­ді қамтитын 46 экоаумақ құрылады.

Қызылорда қаласында жаңадан салынған Президент саябағындағы шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау орган­дарының бас­шы­лары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма, де­пар­тамент, инспекция басшылары мен қыз­меткерлері, еріктілер, экобел­сен­ді­лер, жастар ұйымдары және студенттер қатысты.

Акцияға аймақтың аудандарынан, елді мекендерінен 25 мыңнан астам адам атсалысып, 12 мыңнан астам көшет егілді, 325,7 гектар аула тазар­тылып, 320 тоннадан астам қоқыс шығарылды, 250-ден астам техника жұмылдырылды. Өңірде «Таза Қазақ­стан» респуб­ликалық экологиялық ак­циясы аясында тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағы­тында кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Кәсіпкерлердің демеушілігімен орталық алаңдар, демалыс орын­дары, ойын, спорт алаңдары қайта жаң­ғыр­тылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар заманауи үлгіде жөндеуден өткізілуде.

Қызылорда қаласындағы орта­лық алаң, қалалық мәдени-демалыс паркі, Қорқыт ата мемориалды ал­леясы жаңғыртылса, Пре­зидент сая­бағы қайта салынды. Онда заманауи субұрқақтар, амфитеатр, спорт, ойын, би, шахмат, баскетбол, футбол алаң­дары, биіктігі 50 метрлік айнал­малы шолу дөңгелегі, велосипед және жүгіру жолақ­тары, санитарлық пункттер орнатылған. Жалпы 31 гектарға 2 мыңнан астам ағаш, 50 мыңнан астам сәндік бұта және 17 түрлі көпжылдық гүл егілді.

Қазіргі таңда Президент саябағы аума­ғында 10 млрд теңгеге жылдың төрт мез­гі­лінде үздіксіз жұмыс істейтін 300 орындық заманауи балалар тынығу лагері, 5 млрд теңгеге Ботаникалық білім беру орталығы (қысқы бақ) салынуда. Жақында 9 млрд теңгеге Сырдария өзені үстінен Пре­зидент саябағын қаламен байланыс­тыратын жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталады.

Бұл жұмыстар барлық ауданда жалғасын тауып, жаңа демалыс орындары, аллеялар айналаның сәнін кіргізіп, көшелерді абат­тандыру, жарықтандыру жұмыстары ат­қарылуда.

Ауылдарда қолайлы орта қалыптастыру, тұрғындарды тазалық шараларына ынта­ландыру мақсатында жыл сайын «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізіледі. Кейінгі үш жыл­да 2 млрд 64 млн теңге бөлініп, үздік елді мекендерге 67 арнайы техника та­бысталды.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды тиімді басқару, оларды сұрыптау, өңдеу және кә­деге жарату бағытында «Жасыл даму» АҚ қаржыландыруымен 98 млрд 700 млн теңгеге 9 жоба қолға алынған. Жаңақорған ау­данындағы қатты қалдықтарды сұрыптау кешені толық қаржыландырылып, құрал-жаб­дықтары жеткізілді. Қазіргі таңда іске қо­сылуда. Қалған 8 жоба «Өнеркәсіпті дамыту қоры» сараптамасынан өткізіліп, қаржы­­ландыру үшін тиісті келісімшарттар жасалуда.

Облыстық бюджеттен 475 млн теңгеге Сырдария ауданында сұрыптау кешені бар қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны ашыл­­ды. Тағы екі жаңа жоба жасалып, мем­ле­кеттік сараптамадан өткізілді, салалық ми­нистрлікке қаржыландыру үшін ұсынылды.

Қалдықтарды сұрыптау мәдениетін қалыптастыру мақсатында облыс көлемінде 10 мыңға жуық контейнер орнатылды. Көп­қабатты тұрғын үйлер, ірі сауда орындары, әуежай мен теміржол вокзалы аумақтарында шыны, пластик және қағаз қалдықтарын сұрыптап жинау үшін арнайы экобокстар қарастырылған.

Қызылорда қаласындағы 83 ескі көп­қабатты тұрғын үйдің қасбеттері за­ма­науи панельдермен жаңартылды, бұл жұ­мыстар 58 тұрғын үйге 2 млрд 893 млн теңгеге бюджет есебінен, 27 тұрғын үйге демеушілік есебінен жасалды. Биыл 900 млн теңгеге қосымша 21 тұрғын үйдің қасбеттерін қап­тау жоспарланған.

Халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық білім беру, ағарту шаралары «Жасыл балабақша», «Жас эколог», «Жасыл мектеп», «Табиғат сақшы­лары» жобалары аясында жүзеге асырылып келеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі