Жаңа автобустардың алғашқы легі келді

724

0

Бүгін «Қызылорда Автобус паркі» ЖШС-і үлкен сыйымдылықтағы автобустардың алғашқы легімен толықты.

Қазіргі уақытта жаңадан алынған 15 көлік №18 бағытқа қосылды.

Айта кету керек, қаламыздағы қоғамдық көлік мәселесін реттеу бағытында облыс әкімінің қолдауымен үлкен сыйымдылықтағы 150 дана автобус сатып алуға қаржы бөлінді.

Алдағы уақытта қалған 135 дана үлкен сыйымдылықтағы автобус жеткізіліп, қалалық бағыттарға қосылатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<