Апта сайын жәрмеңке өтеді

494

0

Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өзінің facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Қадірлі жерлестер! Сыр өңірінің қамбасын молайтып, береке мен бірліктің саясына топтаса білген диқандарымыз биыл 188 500 гектар жерге егін егіп, күріштің әр гектарынан 56,7 центнерден өнім алып, жарты миллионға жуық ақмаржанды қамбаға толтырды. Шыққан өнімді шашаусыз жиып алған дала еңбеккерлерін “Алтын дән” мерекелік шарасы аясында марапаттап, ілтипат білдірдім. Аймақтың ауыл шаруашылығы саласында абыройлы әрі өнімді еңбек еткен қос қайраткеріміз Жарылқасын Шәрiпов пен Имамзада Шағыртаевқа «Қызылорда облысының Құрметтi азаматы» атағын табыс еттік.Бүгін диқандар қауымы жерлестеріміз үшін 2000 тонна Сырдың дәмін ала келіп, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізді. Базар бағамынан 15-20 пайыз төмен бағада өнім ұсынған шаруалар жыл аяғына дейін әр апта сайын тұрақты түрде жәрмеңкелер ұйымдастыратын болады. Берекелі күздегі “Алтын дән” шарасын аламан бәйгемен қорытындыладық. Сәйгүлігін сайлап, бәйгеде бабын байқап, жүйрік атанған нар азаматтар ұлттық спортымызды тағы бір жаңғыртты. Берекелі ісіміз бен жұдырықтай жұмылған бірлігіміз арқылы адал еңбек етудің артықшылығын көрсеткен барша шаруаларға риясыз алғыс айтамын.Сыр елі өркендей берсін!» деді облыс әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлы өзінің facebook желісіндегі парақшасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<