Кабира Асқарова әлем кубогінің жүлдегері

432

0

Тбилиси қаласында (Грузия) пара пауэрлифтингтен өтіп жатқан Әлем Кубогында Қазақстан құрама командасы сапында өнер көрсеткен жерлесіміз Кабира Асқарова 50 келіге дейінгі салмақта қола жүлдені иеленді.

Кабира Кеңесбекқызы Токио -2021 Паралимпиада ойындарына лицензия алу үшін 19-24 маусым аралығында Дубай қаласында (БАӘ) өтетін соңғы халықаралық жарысқа қатысады.

К.Асқарова – пара пауэрлифтингтен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, көпдүркін Қазақстан чемпионы, Пара Азия ойындарының қола жүлдегері, Паралимпиада ойындарының қатысушысы, Пара Азия чемпионатының жəне Əлем кубогының күміс жүлдегері, Қызылорда облысының мүгедектерге арналған спорт клубының спортшысы.

Бапкері: облыстың аға жаттықтырушысы Бахытбек Рысбаев.Жалпы жарысқа 25 елден 90-нан аса спортшы қатысып жатыр. Қазақстан намысын он төрт спортшы қорғауда. Әлем кубогы 23 мамырға дейін жалғасады.

Сыр спортшысын жүлдесімен құттықтаймыз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<