Атқарылған істер мен алдағы меже

442

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ЕҚДБ-ның Қазақстандағы өкілдігі директорының орынбасары Бахтиер Файзиев және жетекші банкир Владимир Сидоренкомен кездесті. Кездесуде ЕҚДБ-мен бірлесіп іске асырылатын жобалардың барысы және болашаққа жоспарлар талқыланды.

– Әріптестерімнің атынан біздің облыс үшін маңызды жо­ба­ларды іске асыруда қол­дау көрсеткендеріңізге риза­шы­­лығымды білдіргім ке­леді. Нәтижесінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік. Бүгін сіздермен тұрғын үй-коммуналдық ша­руа­шылық саласындағы жаңа бірлескен жобаларды іске асыруды – Қызылорда ЖЭО-н жаң­ғырту және кеңейту, Қы­зылорда қаласындағы биоло­гиялық тазарту станциясын жаңғырту және автоматтандыру мәселелерін талқылағымыз келеді. «ЖЭО жаңғырту және кеңейту» жобасы бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді, мемле­кеттік сараптаманың қорытын­дысы алынды. Жоба екі кезең­нен тұрады: КОГТЭС (когенерациялық газ-турби­налық электр станциясы) құ­рылысы және су жылыту қа­зандығының құрылысы. Біз жалпы сомасы 9 млрд теңгеге ЕҚДБ арқылы кредит беру жолымен КОГОЭС-ті жаңғыртуды ұсынамыз. Негізгі қарызды «Жаңартылатын энер­­гия көздерін қолдау жө­ніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС есебінен өтеу механизмі бар, – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Бүгінде Нарық кеңесінің қорытындысын алу үшін тиісті құжаттарды дайындау бо­йынша жұмыстар жүргізілуде. Нарық Кеңесіне 2021 жылғы 1 ақпанға дейін осы инвес­тициялық бағдарламаны әзір­­леу кезінде жүргізілген тәуел­сіз техникалық және қаржылық аудиттердің нәтижелері бар инвестициялық бағдарламаны ұсыну қажет.

«Биологиялық тазарту станциясын жаңғырту және авто­маттандыру» жобасы бо­йынша да мемлекеттік сарап­таманың қоры­тындысы бар, жобаның құны – 2,8 млрд теңге. ЕҚДБ-мен бірлескен жоба үшін бұ­­рын бөлінген қаражатты пайда­­­лана отырып, іске асыруға Индустрия және инфра­құрылымдық даму ми­нистрлігінің келісімі алынды.

Айта кету керек, Қызылорда қаласында ЕҚДБ-мен бірлесіп жылумен жабдықтау жүйесін салу және қайта жаңарту, сумен жабдықтау, су жүйелерін салу және қайта жаңарту, электрмен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жобалары бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, келісім-шарт бойынша несиелер төленіп жатыр.

Кездесу барысында ЕҚДБ Қа­зақ­стандағы өкіл­дігі директорының орын­ба­сары Бахтиер Файзиев кө­терілген мәселелерді қол­дап, Қызылорда облысы инвес­тициялық тұрғыдан тиімді өңір екенін атап өтті. Жетекші банкир Владимир Сидоренко да өз ұсыныстарын жеткізді.

Қорытындылай келе өңір басшысы одан әрі ынты­мақ­тас­тықты дамыту туралы ұсы­ныс айтып, Бахтиер Файзиевке жұмыс сапарымен Сыр өңіріне келгені үшін алғыс білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<