Ауыл әкімі болғысы келетіндердің көбі өзін-өзі ұсынды

581

0

Қызылорда облысынан ауыл әкімдерінің сайлауына 134 кандидат тіркелді. Оның 49-ы – саяси партиядан болса, 85-і өзін-өзі ұсынған.

Әйткенмен үш кандидаттың тіркеуі тоқтатылды. Екі кандидаттың декларация мәліметтері дұрыс келмеуіне және бір азамат өзі бас тартқан. Яғни үстіміздегі жылдың 25 шілдесінде сайлауға 131 кандидат қатысады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев:.

– Сайлау комиссияларына ұсыну және тіркеу кезеңінде өтініштер түскен жоқ. Барлық тіркелген кандидаттар тиісті ауылдық округтен куәлігін алып, сайлау бюллетеніне енгізілетін болады,-деді.

Айта кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары басталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<