Ауыспалы кубок Сыр өңіріне жетті

255

0

Ой-өрісті дамытуға, логикалық ойлауды және өз ұстанымын білдіруді үйрететін пікір сайыс ойыны жастар арасында үлкен маңызға ие. Сонымен қатар, дебат ұшқыр ой мен жаңа идеяларды қалыптастыруға икемдейді.

Өткен демалыс күндері Алматы қаласында ұйымдастырылған «AMANAT CUP» XXI  Республикалық пікір  сайыс  турнирінің қазақ лигасы бойынша  ойындарында Қызылорда облысының командасы, «Amanatka kyanat jasama» фракциясы мүшелері Абылайхан Палмағанбет пен Дәулет Естанов жеңімпаз атанған болатын. Жеңімпаздар кубогі өңірге жетті. Атап өтейік, турнир дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетіндіктен ауыспалы кубок иесі ретінде «AMANAT CUP» XXII Республикалық пікір сайыс турнирін өткізуді ресми түрде қабыл алдық. 2024 жылғы дебат ойындарын ұйымдастыру құқығы біздің аймаққа бұйырды.

Зияткерлік әлеуеттері арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғайтын жастарымызды асыға күтетін боламыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<