Белгілі журналист Бақытжан Омар жаңа қызметке тағайындалды

1657

0

Белгілі журналист, Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарып келген Бақытжан Омар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі ретінде тағайындалды.

Бақытжан Бауыржанұлы Омаров 1987 жылдың 30 мамырында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар бакалавры, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика ғылымының магистры.

Еңбек жолын «Қазақстан»арнасынын редактор-аудармашысы ретінде бастады. Жаңалықтар бөлімінің арнайы тілшісі, Түркиядағы меншікті тілшісі, аға тілшісі қызметтерін атқарды. Түркия телерадиокорпорациясы жаңалықтарының жүргізушісі болды. 2018 жылы «Хабар24» арнасы жаңалықтар бөлімінің бас редакторы болды.


Бақытжан Омар «ТҮРКСОЙ» ұйымының халықаралық арнайы сыйлығының, ҚХА «Мейірім» төсбелгісінің иегері, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<