Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауын жариялайды

1976

0


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар қамтылады. Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ «БОРТ N1» тelegram-каналы жиыннан жедел хабар таратады. Бұған дейін Мемлекет басшысының Жолдауы жариялайтыны хабарланған еді.



 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<