Ерекше балалар елеусіз қалған жоқ

510

0

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Даун синдромы бар балаларды ата-аналарымен бірге қабылдап, жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Шаһар басшысы кездесу барысында Елбасы мен Президенттің қолдауы арқасында елімізде ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларға барынша жағдай жасалып жатқанын айтты. Осы орайда 2018 жылы жалпы білім беретін 54 мектептің 14-де инклюзивті білім беруге жағдай жасалды. Бүгінгі күні олардың саны 32-ге жетіп отыр.

Сөз соңында қала әкімі балғындарға тілегін білдіріп, мерекелік сыйлықтар табыстады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<