Гүлшара Әбдіқалықова: «Кен орындарының сарқылуы – негізгі проблема»

518

0

Есепті кездесуде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдің экономикалық жағдайы мен атқарылатын міндеттерге тоқталды.

– Облыс экономикасындағы кейбір көрсеткіштердің төмендеуіне қарамастан Үкіметпен жасалған меморандум бойынша өңірге инвестиция тарту 230 млрд теңге болып белгіленген болатын. Біз оны 27 процентке артығымен орындап, 292 млрд теңгеге жеткіздік, – деді аймақ басшысы.

Тұрғын үй салу жоспары 591 мың шаршы метр болса, бұл көрсеткіш 609 мың шаршы метр  өсіммен орындалды.

Кен орындарының сарқылуы негізгі проблема болып отыр. 2020 жылы мұнай өндіру көлемі 17,3 процентке (960 мың тоннаға) азайған. Биыл 10,5 процентке (500 мың тоннаға) қысқаруы болжанған.

– Уран өндіру көлемінің 20 процентке төмендеуі (соның салдарынан құрамында уран бар шикізатты қайта өңдеу көлемі 28 процентке қысқарды) өнеркәсіптік өнім өндіру мен қайта өңдеу көрсеткішіне теріс әсер етті. Мұнай мен уран өндірісінің төмендеу салдарын азайту үшін облыста кешенді шаралар қабылдануда, – деді облыс әкімі.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<