Гүлшара Әбдіқалықова: «Қызылордада тасқын су жинайтын қоймалар салынады»

211

0

Биыл Қызылордада «Қараөзек», «Күміскеткен» су қоймалары салына бастайды. Бұл туралы халық алдында есеп беру кездесуінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова айтты.

Бұл алдағы уақытта қысқы тасқын суды жинақтау үшін қажет.

– Өздеріңізге белгілі, жыл сайын жаз мезгілінде аймақта су тапшылығы болады. Әсіресе, өткен жылы су тапшылығы қатты сезілді. Сырдария өзені арқылы келетін судың 70 процентке жуығы қыс мезгілінде келеді, – деді аймақ басшысы.

Бүгінгі күні «Қызылорда» және «Әйтек» су тораптарын қайта жаңғырту және Жалағаш ауданындағы дренаж-суару жүйесін жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. «Жиделі» су қоймасын жөндеу жұмыстары аяқталып, былтыр пайдалануға берілді. Осы жылы Үкімет қолдауымен «Көкарал» бөгеті қалпына келтіріледі.

«СБ» ақпарат.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз