Олжас Әкімов жаңа қызметке тағайындалды

909

0

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімімен Олжас Әкімов Премьер-Министрі Кеңсесінің Бас инспекторы қызметіне тағайындалды.

Бұған дейін Олжас Азатұлы Мәдениет және спорт министрінің кеңесші лауазымында болды. Жаңа қызметке ауысуына байланысты Ақтоты Райымқұлова Олжас Әкімовке атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, сәттілік тіледі.

Олжас Азатұлы 1980 жылы Қызылорда облысы Төретам кентінде дүниеге келген.

Ресей халықаралық олимпиада университетін «спорт менеджменті», Қ. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Заңгер», «Болашақ» университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тəмамдаған. Сонымен қатар “Болашақ” бағдарламасының түлегі.

Кикбоксингтен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР спортының құрметті қызметкері, Халықаралық дәрежедегі төреші. 2019 жылы «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталған.

1998-2000 жж. ҚР Қарулы Күштері қатарында қызмет етті. 2000-2003 жж – Байқоңыр қаласындағы № 56 орта мектебінде дене шынықтыру мұғалімі, бокстан жаттықтырушы. 2003 жылдан бастап-ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің бас маманы, «Байқоңыр» кедені. 2008-20012 жж. – «Инфрқұрылыс» ЖШҚ бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары. Байқоңыр кешеніндегі ҚР Президентінің арнайы өкілдігінің штаттан тыс кеңесшісі.

2013 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Астана «Регби клубы» директоры. 2013-2014 жылдары Астана қаласы әкімдігінің «Жігер» спорт клубының директоры. 2014-2015 жж. – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясының бас жаттықтырушысы. 2015 жылдан бастап – Алматы қаласы әкімдігінің №17 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры. 2016 жылдан бастап Алматы қаласында 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадны дайындау және өткізу дирекциясы Департамент басшысының орынбасары.

2017 жылдың 1 сәуірінен бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясында әмбебап жекпе-жек бойынша аға жаттықтырушы қызметін атқарды.2017 жылдың тамыз айынан бастап 2020 жылға дейін Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарды.

Бүгінгі таңда Олжас Азатұлы Болгариядағы Васил Левский атындағы Ұлттық спорт академиясында докторлық дәреже бойынша білім алып жатыр.

gov.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<