Президенттің төрағалығымен Үкімет отырысы өтеді

798

0

Бүгін сағат 11:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы видео байланыс арқылы өтеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсуктегі парақшасында хабарлады.

«Жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп береді. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады. Президенттің баспасөз қызметі өзінің @AkordaPress ресми аккаунтында твит-трансляция жасайды», – делінген жазбада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<