ҚР және РФ вице-премьерлері өнеркәсіптік кооперация саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды

318

0

Мәскеуде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Юрий Борисовпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Маминнің 22 наурызда өткен Ресей Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесуінің қорытындысы бойынша уағдаластықтарды дамыту аясында вице-премьерлер Қазақстан-Ресей өнеркәсіптік кооперациясы саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасы шеңберіндегі екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін қарастырды.

Тараптар бұрын келісілген бірлескен жобаларды іске асыруды жеделдету жөніндегі ағымдағы жағдай мен бұдан кейінгі қадамдарды талқылады. Сондай-ақ, Қазақстандағы өнеркәсіптік кооперацияның жаңа перспективалық жобаларын зерделеу арқылы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Бұдан арғы бірлескен жұмыс перспективалары туралы айта отырып, өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық қағидаттарына, өнеркәсіп, сауда-экономикалық, инвестициялық салаларда неғұрлым тығыз өзара іс-қимыл жасау үшін қосымша мүмкіндіктер жасау бойынша бірлескен шараларды іске асыруға өзара бейілділік білдірілді. Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Ресей арасындағы үкіметаралық диалогтың тиімділігі мен қажеттілігін атап өтіп, өзара байланыстардың жоғары қарқынын сақтауға келісті.



 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<