Әкім сайлауы: Сырдария және Шиелі аудандарының әкімі белгілі болды

459

0

Сурет ашық дереккөзден

2023 жылғы 5 қарашада Қызылорда облысы Сырдария, Шиелі аудандары әкімдерінің сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 72503 азамат енгізілді. Дауыс беруге -53866 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша –0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс –718 азамат қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 6.

Сырдария, Шиелі аудандары әкімдері сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Сырдария ауданы бойынша Ерлан Бакиров үшін сайлаушылардың 1319 дауысы берілді, Бауыржан Қарсақбаев үшін сайлаушылардың 1176 дауысы берілді, Берік Сарменбаев үшін сайлаушылардың 13386 дауысы берілді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны –12.

Шиелі ауданы бойынша Нұржан Ахатов үшін сайлаушылардың 32637 дауысы берілді, Алмасбек Есмаханов үшін сайлаушылардың 3143 дауысы берілді, Нұрғали Қордабай үшін сайлаушылардың 2083 дауысы берілді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 3.

Сайлау қорытындыларымен Сырдария, Шиелі аудандарының әкімдері болып:

Сырдария ауданы бойынша Берік Сарменбаев сайланды. Ол 1963жылы туған, Сырдария ауданының әкімі, Сырдария ауданында тұрады.

Шиелі ауданы бойынша Нұржан Ахатов сайланды. Ол 1978 жылы туған, Шиелі ауданының әкімі, Шиелі ауданында тұрады.

Қызылорда облысының

Аумақтық сайлау комиссиясы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<