Ауыл мектебінен NIS-ке: Кәусар Лесхан

732

0

Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі №177 орта мектептің оқушысы Кәусар Лесхан «Өркен» білім беру грантының иегері атанды. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іріктеу конкурсының нәтижесі бойынша Кәусар алғашқы 20 үздік оқушының қатарына енді.

«Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсемін деп өзіме мақсат қойдым. NIS көптеген оқушының арманы және білімді, зияткер, жан-жақты тұлға қалыптастыратын алаң. Ауылдық жердегі балаларға осындай мектептерде білім алуына мүмкіндік бар. Ең бастысы, өз арманына ұмтылу керек және оқуды тоқтатпау қажет», – дейді грант иегері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<