Байқоңыр мектептері оқушыларға ресейлік бағдарламамен білім беріп жүр

817

0

Байқоңыр мектептері әлі күнге дейін ресейлік бағдарламамен білім алып жатыр. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы байқоңырлықтардың талап-өтінішін Үкімет басшысы Асқар Маминге жолдады, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Оның айтуынша, қазір қалада тұратын 77 мыңнан аса халықтың 70%-ы өзіміздің отандастар. Бірақ, олар әлі күнге отандық стандартпен білім беретін мектеп тапшылығын көріп жүр. 

Олар Қазақстан аумағында туып-өскенімен, өз жерінде тұрып, менің Отаным – Россия, менің астанам – Москва деп, Россияның арғы-бергі тарихын, тілі мен әдебиетін оқып, әрине ресейлік патриотизм рухында тәрбиеленеді. Айта өтуіміз керек, біз жерімізді жалға бергенімізбен, сол жерде тұрып жатқан халқымызды жалға берген жоқпыз ғой, – дейді Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы.

BAQ.KZ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<