Білімді ұрпақ – баға жетпес қазына

1308

0

Облыс әкімінің халық алдындағы есепті кездесуінде Сыр өңірінің жеткен жетістігі мен алдағы міндет, жоспары сараланды. Білім саласында ұзақ жыл еңбек еткендіктен, осы бағыттағы жұмыстар жүйелі ұйымдастырылып келе жатқанына тағы бір  көз жеткіздім.

Пандемия кезеңіндегі қашықтан оқыту эпедимиологиялық жағ­дай талабы болып тұр. Соған қара­мастан, білім саласында айтар­лық­тай өзгерістер бар. Әрбір қи­ын­дықтың артында жақсылығы бар демей ме? Әлемді жайлаған індет білім саласына қашықтан оқыту жүйесін енгізді. Мұғалімдер мен мектеп оқушыларына ақпа­раттық технология тілін меңгеруге мүмкіндік туды. Ұстаз, оқушы және ата-ана арасындағы байланыс беки түсті.

Аймақ басшысы өз баяндама­сында оқушылар­дың 49 проценті қашықтан, 51 проценті дәстүрлі форматта білім алып жатқанын айтты.  Қашықтан оқытуды сапалы ұйымдастыру мақсатында мектеп­тердің балансындағы 14 мыңнан астам компьютер оқушыларға бе­рілді. Үкімет резервінен 3,2 млрд теңге қаржы бөлініп, 22870 да­на құрылғы сатып алынған. Жергілікті бюджет және демеушілер есебінен 4 мың компьютерлік техника сатып алынып, мұқтаж балаларға берілген.  Мұның бәрі де – уақытша сынақтан білім саласының ақсап қалмауына жасалып жатқан қадамдар. Ең бастысы, сынақты еңсеріп келеміз.

Еліміз­дің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің ұш­қырлығымен өлшенеді. Бі­лімді, жан-жақты, қабілетті ұрпақ  – ұл­тымыздың баға жетпес қазынасы. Сон­дық­тан білім саласын жетіл­ді­ру­дегі  қолданып жатқан тә­жірибелер уақыт өткен сайын жаңарып, шың­далып жемісін беретініне сенім­дімін.

Бақытжан САЙЛЫБАЕВ,

облыстық  қоғамдық кеңес  төрағасы

Фото: көрнекі сурет

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<