Дефектология салғырттықты кешірмейтін сала

48

0

Тақырыптың маңызын терең түсіну үшін алдымен мамандық туралы базалық ұғымға назар аударайық. Себебі қоғамда бұл мамандықтың атауын естігенмен, қызметін толық ұғына бермейтіндер жетерлік. Саланың көтерер жүгін сезінгенде ғана даму бағдары, қоғамдағы орны айқындала түседі деген ойдамын.

Дефектология – бірнеше бағытты біріктірген сала. Оған дәлел мамандық сурдопедагогика,тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия саласын біріктіреді. Бұл баланың жан-жақты дамуына басымдық беріледі деген сөз. 

Көбімізге белгілі, сурдопедагогика есту кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу болса, тифлопедагогика көру кемістігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды қарастыратын сала. Ал олигофренопедагогика ақыл-есінде ақауы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуге бағытталса, логопедия сөйлеу кемістігі бар балаларға көмегі мол бағыт. Міне, дефектология осы төрт саланың жүгін көтеріп, балалардың психологиялық ерекшелігін оңалтуға жұмыс істейді. Сондықтан бала өмірі ұлт болашағы екенін ескерсек, мамандыққа бей-жай қарау қателікті көтермейді. 

Жасыратын жоқ, дамуында кемістігі бар балаларды тәрбиелеу күрделі қадам. Өйткені баланың физикалық қиындығын қалпына келтіруден бөлек, психологиялық жағдайын назарда ұстау, өмір мен еңбек жағдайына икемдеу педагогке жүктеледі. Мәселен, көзі көрмейтін балаларға айналада бағдар ұстауға көмектеседі. Бұл тұрғыда сезім мүшелерін дамытуға басымды беріледі. Ал есту қабілетінен айырылған балаға дыбыс арқылы әлемді тануға жол ашады. 

Бұдан өзге педагог кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу кезінде ойы, еңбек, эстетикалық, құқықтық тәрбиелік дағдыларды пайдалану, ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты да назарда ұстайды. Бұл оқушының мінез-құлқы мен қоғамдағы әдет-әрекетін бағамдауға, оның оптимистік көзқарасын мен жағымды қылықтарын қалыптастыруға көмегі зор. 

Балдай МЫРЗАҒАЛИНА,

Қармақшы ауданы Төребай би ауылы 

№199 орта  мектебінің дефектологы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<