Математика пәнін жаңаша оқыту-заман талабы

51

0

Математиканы оқыту – күрделі және уақытты қажет ететін процесс.  Ал оны жеңілдету әрі қабылдауды ыңғайлы ету үшін пәнді басқа ғылымдармен, тың әдістермен байланыстыру таптырмайтын қадамға айналды. Әсіресе,  белгілі бір шеңбер қалыптастырып, дағдыларды түзу арқылы нәтижеге жету оңай. Оқушыға толыққанды ақпарат беру үшін ұстаз тілдік, әдіснамалық, ғылыми, педагогикалық, психологиялық дағдыларды жетілдіргені абзал. 

Бүгінде матеиатиканы оқытуда әдіс-тәсіл көп. Ең тиімдісі – баланы дербес және топтық зерттеу жұмысына тарту, логикалық ойлауын қалыптастыру, проблемаларды шешу және шығармашылық қабілетін дамыту. Математиканы оқытудың заманауи әдісі саналатын бұл жол пәнге қызықтырудың мүмкіндігі саналады. Мүмкіндіктердің бірі ғылыми негіздер садасында ғылыми негіздің негізі ғылым мен ғылыми зерттеу әдістері қамтылады. Мақалада математиканы оқытудың әртүрлі сегменттеріндегі ғылым сипатталған,  математиканың табиғатынан бастап гматематикалық есептерге дейін маңызды негізгі математикалық білім, білік және дағды жүйесін қалыптастыру әдісі оқушыларға кеңінен қарастырылады. Соңында математиканы оқытудағы кейбір кемшіліктер туралы айтылады. Олар оқу процесінде ғылымға деген дұрыс емес көзқарастан туындайды.

Жалпы оқытушылық тәжірибеге назар салайықшы. Сабақ барысында математика пәнінің мұғалімі оқуышылардың қабылдауы күрделі сөзді жиі қолданады. Мысалы, «талдау көрсетеді», «кейбір нақты мысалдарды қарастырайық», «ұқсас дәлелденді», «бұл фактілер жиынтығы қорытынды жасайды», «бұл бақылаулардың нәтижесінжалпылау», «мамандандыру арқылы біз формула аламыз», «математикалық ұғымдар дерексіз» деген секілді сөздер жиі айталады. Білім алушылар бұл сөздерді түсінеді ме ? Олардың түсінігін қалай тексеруге болады? Міне, математиканы үйретудің жаңа тәсілі осы бағытта өрбуі шарт деп санаймын.

Алдымен оқушыларды есепті талдауға, синтездеуге, бағыттауға, шығаруға, қорытындылауға, үйрету керек. Кейін есептің шешім жолын байқауға баулыған жөн. Мұндай әдіс баланың математикалық ойлауын қалыптастырады. Ал математикалық ойлау тәсілі – көптеген мамандыққа қажетті ортақ дағды.

Лаура ОЛЖАБАЕВА,

Қармақшы ауданы Төребай би ауылы 

№199 орта  мектебінің математика  пәні мұғалімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<