«Мектеп – бала – отбасы» үштігі

1238

0

Мектептің ата-аналармен жүргі­зетін жұмысының ерекшелігі екі жақ­тың байланысы мен әрекет бір­лі­гінің тұрақтылығынан көрінеді.

Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып кура­торы қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынты­мақтастықты ұйымдастыруда же­текші қызмет атқарады. Дегенмен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе сынып кураторына жүктелер жауапкершілік мол.
Бұл жұмыс өте ұзақ мерзімді қажет етеді. Ол үшін отбасын және оның тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан-жақты әрі жүйелі зерт­теу қажет.


Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-ин­тер­натында әртүрлі іс-шаралар өткі­зілуде.


8-сынып ата-аналарымен бір­ге «Жүз­ден жүйрік – мыңнан тұл­пар» атты отбасылық сайыс ұйым­дас­ты­рылды. Бұл сайыстың мақсаты – мектеп-интернат тәрбиеленушілері ата-аналарының педагогикалық бел­­сен­ділігін арттыра отырып, салауат­ты өмір салтын қалыптастыру.


Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату барысында «Мен өмірді сүйемін» атты тренинг, «Математика – ақыл-ойдың әуені» атты сайыс-сабақ өткізілді. Сонымен бірге сынып жетекшісі жалпы мәселелерді ортақтаса шешуде бірлесіп жұмыс жүргізеді.


Егемен еліміздің болашағы білім мен тәрбиеге байланысты. Заман талабына сай білім беру, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын дамытып, жеке тұлға дайындау, өз ұлтының тарихын, мәдениеті мен тілін қастерлейтін және оны жалпы­адам­заттық деңгейдегі рухани құн­ды­лықтарға ұштастыра білетін ел­жанды тұлға тәрбиелеу – басты мүд­деміз болып қала бермек.

С.БЕКЖАНОВА,
Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернатының 9-сынып кураторы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<