Мектеп оқулықтары кемінде 1 жыл бұрын бейімдеуден өткізіледі – Асхат Аймағамбетов

751

0

1-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі барлық оқулықтар кемінде 1 жыл бойы ілкі мектепдерде алдын ала бейімдеуден өткізіледі. Бұл туралы Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқулық өте маңызды құрал және олардың сапасын көтеру үшін кешенді іс-шаралар іске асырылып жатыр. Біріншіден, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап депутаттардың қолдауымен жаңа 2 норма іске асыра бастады. Енді білім беру бағдарламалары міндетті түрде алдын ала сараптамадан, одан кейін бейімдеуден өтеді. Бұл да оқулықтардың сапасын арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Екіншіден, министрлік осы оқулықтарды дайындаудың жаңа жүйесін дайындап, бекітті. Үшіншіден, сараптама, яғни сараптау жүйесі түбегейлі өзгереді. Енді сараптамадан өткізетін біздің сарапшыларымыз міндетті түрде сертификаттаудан өтетін болады», – деді министр «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлау бағдарламасын орындаудың Жол картасын талқылау барысында.

Оның атап өтуінше, бұған дейін сараптама жасау үшін мұғалімдер шақыртылып отырған. Ал оншақты оқулықты қысқа ғана уақыттың ішінде сараптап шығу өте қиын.

Енді олар оқытудан, сертификаттаудан өткеннен кейін оқулықтар дайындайтын болады. Сонымен қатар авторларды да оқытып, сертификаттаудан өткізу рәсімі бекітіліп жатыр. Бұл ретте маңызды мәселелердің бірі – оқулықтарды бейімдеу. Енді 1 сыныптан 11 сыныпқа дейінгі барлық оқулықтар кемінде 1 жыл бойы ілкі мектепдерде алдын ала бейімдеуден өткізіледі. Осы және басқа да шешімдер оқулықтардың сапасын түбегейлі көтереді деп сенеміз», – деді Асхат Аймағамбетов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<