Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері онлайн шараға қатысты

1222

5

Қызылорда «Болашақ» университетінің «Кіші жастағы оқушыларға білім беру» ғылыми-зерттеу орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешілеріне арналған ұйымдастырылған оқу қызметіне қойылатын талаптар» тақырыбында іс-шара онлайн форматта өткізілді.

Іс-шарада үлгілік оқу жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда 3-6 жастағы балаларға арналған вариативті бөлімді ұйымдастыру бойынша дидактикалық материалдар көрсетілді. Педагогтардың вариативтік бөлімде пайдаланылатын бағдарламаларды сауатты қолдануы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына ұсынылған негізгі шарттарды баяндалды.

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының студенттері үшін алдағы болашақ мамандығына сәйкес ұйымдастырылған жоспар жүргізілді. Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған іс-шара әр баланың бейімділігін, қабілеттілігін іске асыруға, оның даму ерекшеліктері негізінде «Ойын технологиясын», «Н.А.Зайцев технологиясын» қолдана отырып, ұйымдастырылған оқу қызметіне пайдалану негізі көрсетілді. Аталмыш іс-шараны орталық мүшесі Ф. Шакен ұйымдастырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<