Орыс тілі пәні  сабағында жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану

57

0

Оқушыларға ана тілінен тыс шет тілін үйрету күрделі қадамды талап етеді. Яғни, педагог үнемі білім берудің жаңа моделін дамытып, өзгеше әдісті қапы жібермеуі шарт. Әсіресе, орыс тілі пәнінің мұғалімі балаға дайын материалды түсіндірумен шектелмей, оқушының қызығушылығын арттырып, тақырыпты өз бетінше зерттеуіне мүмкіндік беруі орынды деп санаймын. Бұл сабақтың нәтижесіне ғана емес, баланың жеке тұлғалық дамуына да орасан пайда әкелері сөзсіз. Себебі қытай ойшылы Конфуцзий айтқандай, адам естігенді ұмытады, көргенді есте сақтайды, ал өз орындаса, түсінеді. 

Сонда орыс тілін оқытудағы жаңа әдіс қандай? Ол үшін нендей талаптарды сақтау керек? Қай әдіс тиімді? Осы сауалдар тақырыптың ашылуына, оның пайдалы болуына көмек берері сөзсіз. 

Анығында, басты талап заманауи әдістемелерді ескеру. Оның ішінде инновациялық цифрлық технологияларды белсенді пайдалану, заманауи платформаларда іс-тәжірибе өткізу. Бұл білім беру процесін жеделдетіп, дәстүрлі әдіспен қатар технологиялық игілікті пайдалануға жол ашпақ. 

Әрине, көп ұстаз қолданатын интербелсенді оқыту тәсілін айтпай кетуге болмас. Мұндай қадам білім алушының ғылым-білімге ұмтылысын ұлғайтып, жеке қасиетін қалыптастыруға көмектеседі. Ал жеке, жұптық, топтық жұмыстар коммуникациялық дағдысын жетілдіруге көмек. Жалпы қандай әдіс болсын, оның тиімділігі баланың белсенділігімен өлшенері анық. Осы орайда бұл әдіс балалардың қызығушылығын арттырып, бір-бірімен ой алмасуын жақсартады. Сондай-ақ сыныптағы оқушының түгел белсенді болуын қамтамасыз етері анық. 

Жалпы, жаңа мультимедиалық білім беру жүйесін қолдану жаңа сөздерді үйретуге, грамматикалық құрылымдарды жасауға көмегі зор. Мұндай технология арқылы күрделі тілдік қолданыс пен ұғымдық ерекшелікті үйрету оңай. Оған қоса баланың тілді үйрену білігін жетілдіріп, сөйлеу қызметінің орнықты дамуына септеседі. Ол үшін педагог ақпараттық технологияларды қолдану кезінде мультимедиялық дереккөзді түрлендіре білсе болғаны. 

Айжан РАЕВА,

№199 орта  мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

Қармақшы ауданы, Төребай би ауылы 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<