Қашықтан оқытудың ерекшелігі

1173

0

Қашықтан оқыту – бұл  ғаламторды пайдалана отырып, оқыту тәсілі. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы, негізгі қозғаушы күші – адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс.

Адамның шығар­машы­лық по­тенциалын да­мы­ту үшін қа­жетті жағдай жасалуы керек. «Білім са­­ла­сындағы жаңа ком­му­никациялық тех­­но­ло­гиялар» тү­сінігі ком­пью­терлік тех­ника жә­­­не электрондық анық­та­­малық жүйе­­лері, адамның әр­дайым жаңа оқыту әдіс­терін ізденуінен пайда болады. Оны оқыту әдіс-тәсілі уақыт талабына сай өзгеруде. ХХІ ғасырда ақпарат жүйелерінің өр­кендеп, қарыштап да­мып келе жатқанын бі­ле­міз, өнеркәсіп пен ор­­таның дамуының негізгі құ­ра­лы – ақпараттық ресурстар. Сауатты өмір дамудың жаңа фазасына енеді, бұл жаңа сауатты оқыту технологиясын құ­руға біртіндеп көшуді талап етеді. Оқытудың жаңа технологиясына көшу ұзақ уақыт алады. Компьютерлік технология бі­лім ортасына ене отырып, оқыту процесін жақсарту үшін құралдар мен әдістерді қол­дануға әкеледі. Осы технологияны пай­далану ауылдық жерлерді де жылдам ақпа­раттандыруға көмектесуде.

Қашықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу. Мұғалімдердің алдын ала дайындау және ұйымдастыру шаралары жүргізіл­месе, программалық қамтамасыз етілмесе оқу­­шылардың білімі жоғарыламайды. Өйт­кені, оқушының білімін, үлгерімін кө­теру үшін оқытушының біліктілігін көтеру ке­рек. Қашықтан оқыту мұ­ғалімнің біліктілігін көтереді, оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады, ата-аналардың жаңа тех­нологияға деген көзқарасын өзгертеді. Мұғалім оқушының ішкі жан-дүниесінің сырын ашып, оның симпатикалық ынта­сының дамуына жағдай тудырып отырады.

Қазіргі заманда білім жүйесінің заман талабына, уақыттың сұранысына қарай қарыштап дамуы, әрбір педагогтан сабақты ғылыми жобада жасауын талап етеді. Сабақты ғылыми жобада жасай білген мұғалім оқушы жүрегіне жол тауып, оның сабаққа деген қызы­ғушылығын арттырып, мұғалім мен оқушы арасында түсінушілік пайда бо­лады. Қашықтан оқытуды екі негізгі бөлікке бөлуге болады: техникалық және ди­дактикалық. Оның құралы – теле­коммуникациялар, аудио- және видео­жазбалар, жергілікті және ауқымды ком­пьютерлік желілер. Қашықтан білім беру технологиялары – оқу процесіне тиісті компоненттерді бейнелейтін және теле­­визиялық (телесабақтардың), желілік және кейс технологиялар көмегімен іске асы­ры­латын педагог пен білім алушының қа­шықтан өзара қарым-қатынасы арқылы жүр­гізіледі.

Барлық сыныптардың оқушылары үшін қашықтан оқыту үш тәсілмен:

1) Мұғалім өз бетінше интернет-плат­формалары арқылы;

2) Телевизиялық сабақтар;

3) Алдын ала дайындалған сабақ жос­пары арқылы қағаз тасымалдағышта жүр­гізіледі.

Қашықтан оқытудың маңызы қазіргі бағдарламалық және тех­никалық құралдарды қолдану арқы­лы оқыту элект­рондық білім беруді не­ғұрлым тиімді, жаңа техно­ло­гиялар визуалды ақпаратты анық және дина­микалық етеді.

Қашықтан оқудың ұстаз үшін тиімді жақтары өте көп. Себебі белгілі бір уақытқа бағынбайды, үлгермей қаламын деп қорықпайды, уақыт шектеусіз және де жаңа технологияны сабаққа енгізу үшін мұғалімге дайындық жұмыстарына көп уақыт керек. Мұғалім үйде отырып керек кезде демалып алып, әрі қарай жұмысын жалғастыра алады.

Қашықтан оқыту талапты және өзін-өзі бақылай алатын оқушыға өте пайдалы деп білемін. Сонымен қатар, қашықтан оқу, яғни интернет арқылы оқудың оқушылар үшін жақсы жақтары бар:

*күнделікті жолға кететін уақытты үнемдейді;

*әлемдегі кез келген оқу көздерін таңдай алады;

*кез келген жерде жүріп те оқи беруге болады;

*бейнежазбасы болса, тіпті жақсы, қанша рет қайталап көріп тыңдаймын десе де өз еркі;

Тек осылай, бірлесе жұмыс жасау ар­қылы біз оқу үрдісін дұрыс ұйым­дас­тырып, балаларға қажетті білім мен құзыретін бере аламыз. Мен сабақ­тарымды «Whats­App» же­лісі арқылы өтіп отырдым. Са­бақта­рымда байқағаным, үнде­мейтін тұйық оқушы өз ойын ашық айтып берілген тап­сырманы орын­дайды. Өйткені өз ойын аудио немесе жазу арқылы жеткізіп отырады.

Ағылшын ағартушысы У.Уорд: «Жәй мұ­ғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсін­діреді, Керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұ­ғалім шабыттандырады» деген. Иә, шә­кірт даярлауда тынымсыз лаулаған жалын иесі – ұстаз!  

Аида ЕДІГЕЕВА,

Қ.Мұхамеджанов атындығы

 №1 мектеп-гимназияның

ағылшын тілі пәні мұғалімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<