ҚазҰУ-да біліктілік арттырды

1256

0

 «Болашақ» университетінің «Жалпы білім беру және құқық» кафедрасы профессор-оқытушылар құрамының бір бөлігі ақпан айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында жоғары оқу орындары оқытушыларына арналған 72 сағат көлеміндегі толық курсын тыңдап, арнайы куәлік иеленді.

Мәселен, кафедра профессоры М.Насимов «Саясаттану» мамандығы, кафедра аға оқытушысы Б.Паридинова «Философия» мамандығы бойынша біліктілік арттырды. Кафедраның «Құқықтану» мамандығы бойынша дәріс оқушылар жүргізетін пәндері негізінде білімін жетілдірді. Атап айтар болсақ, кафедра меңгерушісі Г.Арғынбекова «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы», аға оқытушы Д.Серкебаев «Еңбек құқығы», аға оқытушы А.Піржанова «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы», аға оқытушы Р.Қындыбаева «Табиғи ресурстар мен экологиялық құқық» курстарының жоспарларына сәйкес жұмыстар жүргізді.

Тыңдаушыларға саяси ғылымдарының докторы С.Мұсатаев, философия ғылымдарының кандидаты Ә.Құранбек, заң ғылымдарының докторы, профессор С.Тыныбеков, заң ғылымдарының докторы, профессор Г.Үсейінова, заң ғылымдарының кандидаты А.Жанғабылова жетекшілік жасады.

Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<