Қызылордадағы НЗМ-нің 100 түлегі ЖОО білім гранттарын иеленді

1359

0

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі түлектерінің жоғары оқу орындарына түсу көрсеткіші 100 пайызды құрады. Әлемнің және еліміздің үздік университеттерінің абитуриенттері атанған зияткерлердің 99,1 пайызы тегін оқу негізінде білімдерін жалғастыру мүмкіндігіне ие болды.  

Өткен жылдармен салыстырғанда биыл Назарбаев Университетінің білім гранттарын иеленгендердің саны артты. Еліміздің беделді оқу орнынан шақырту алған  42 түлектің 22-сі тікелей бірінші курсқа қабылданса, 20 дарынды жас Foundation бағдарламасына түскен.

Оқуларын шетелде жалғастыруды жоспарлаған 3 зияткердің бүгінде армандары орындалып, Америка мен Венгрия елдерінің білім гранттарын жеңіп алды.   

Айта кету керек, түлектердің басым бөлігі медицина, ақпараттық технологиялар, тау-кен ісі және экономика мен қаржы салаларындағы мамандықтарға қызығушылық танытқан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<